Тәуелсіздік жылдардағы Шымкент прокуратурасы

04 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Биыл, 16 желтоқсан «Қазақ Елі» тәуелсіз мемлекет ретінде тұғырын тіккеніне 26 жыл. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап – бұл күн Республика көлемінде атаулы оқиға ретінде тойлануда.

Тәуелсіздік және еркіндік жылдары еліміздің әр бір азаматы мен мекемелері Республикамызды қарқынды дамуға белгілі жетістіктер мен белестерге жетеледі. Ел экономикасын көтерілуімен бірге саяси, құқықтық және басқа салалар дамып, халқымыздың еңбегі зая болмай, ашық аспан мен бейбітшілік өмір сүрудеміз.

Қоғам өмірі барлық жағынан жақсарып, жаңарып жатқанын еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін айқын сезініп отырғаны бүгінгі күннің шындығы.

Елбасы «Бүгінгі тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген сөздері азаматтығымыздың қадыр-қасиетін көрсеткендей.                                      

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымен қатар прокуратура органы бірге бой көтеріп қадағалауды ұйымдастырып, жүргізуде. Оған бірден бір себеп, Ел Президентінің өзі сенім артып, прокуратураның орны мен рөлін жаңа мазмұнмен толықтырып, осы жылдың 30 маусымында жаңа «Прокуратура туралы» Заңын қабылдап, органың алдағы уақыттағы жұмысын белгілеп берді.

Ата Заңымыздың өзі прокуратураға мемлекет атынан заңдылықтың сақталуына және белгіленген шекте жоғары қадағалауды жүзеге асыруды, сотта халық пен мемлекет мүддесiн қорғап, қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды сеніп отыр.       

Ендігі кезекте тарихқа көз жүгіртсек, 1992 жылдан басталған тәуелсіз Қазақстан прокуратурасындағы құқықтық реформаға байланысты құрылымдық өзгерістерден алғашында Шымкент қалалық прокуратурасы, ал бүгінгі күнде Әл-Фараби аудандық прокуратурасы шет қалмады.

1996 жылы ҚР Бас Прокурордың бұйрығымен Шымкент қалалық прокуратурасы құрылып, прокуратураның майталмандары (А.Әлекешев, Ж.Бақашбаев, Б.Асылов) басқарған.

2005 жылы қала прокуратурасы таратылып, Әл-Фараби аудан прокуратурасы құрылып, содан бері бір қатар ел азаматтары басқарып, бүгінгі күні аудан прокуратурасын С.Орманов жетекшілік етуде.

Жалпы аудан прокуратурасы - қадағалау органның қоғамда беделін арттыруға, халықтың сенімділігі мен заңға бағынушылығында үлес қосып, күннен күнге сенімін арттыруда.

Үстіміздегі жылы ҚР Бас прокуратурасымен белгіленген «Халыққа арналған прокуратура» өзгерістер бағдарламасы - әділ, сапалы және ашық прокуратура ретінде қалыптасу болып белгіленді.

Осы тұрғыда, аудан прокуратурасында ашылған «Азаматтарды қабылдау орталығы» ведомство қызметкерлері мен басшыларының жұмысын жандандырып, халықпен тікелей араласу нәтижесінде өтініштер саны 51 пайызға кеміді.

Республиканың Бас прокуратурасы бастамасымен бүгінде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Олардың нәтижесі ретінде құқық қорғау органдары мен халық арасындағы өзара байланыстың нығайғанын байқатады.

Заманға сай жаңа бастамалардың мақсаты – қадағалау саласында азаматтардың мүдделеріне бағытталған оңтайлы моделін қалыптастыру және қылмыстық процесті сандық форматқа көшіру.

Қала халқының тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларының арттыру үшін, облыс прокуратурасының бастамасымен «Шымкент – қауіпсіз қала», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» атты жобалар негізінде жұмыстар атқарылып, соңғы бірнеше жыл көлемінде болмаған дерек, ол қаладағы қылмыс саны 15,4 пайызға төмендетілген.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында «Отбасыдағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»  атты жоба жүзеге асырылуда. Жоба мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық жәйттері азайту.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жобаның үшінші кезеңі басталып, іс-шаралардың Жол картасы бекітіліп әрбір уәкілетті органына, оның ішінде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне іс-шаралары белгіленіп, жауапты қызметкерлер айқындалды.

Әл-Фараби ауданы аумағында жобаны жүзеге асыру барысында аудан 17 аймаққа бөлініп, құзырлы мекемемелер қызметкерлерімен үйме үй аралау жұмыстары жүргізіп, тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды көленкеден шығары бойынша жұмыстар атқарылуда.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Сана сезім» Әйелдер бастамалық құқықтық орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасылуда. Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер берілуде.

Бүгінгі оңтайлы бастамалар соңында Шымкент қала халқы мен қонақтарды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құтықтай отырып, қаламыздың тыныштығын, аспанымыздың ашықтығын экономикалық және тұрмыстық ілгерлеуін тілеймін.

Сонымен қатар, облыстық прокуратура ұжымына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ақиқаттың ақ жолында жүрген өнегелі істеріне тек қана жеміс тілей отырып, 6 желтоқсан прокуратура органдарының кәсіби мерекесі «Прокуратура күні» мерексесімен құттықтаймын.

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу