Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бойынша ішкі конкурс жариялау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Түркістан облысының прокуратурасы, 161200, Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі, 44 Б, тел: (72533) 4-12-46, электронды адресі 7252384@prokuror.kz,

осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бойынша ішкі конкурс жариялайды:   

 

      Түркістан облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру басқармасының Бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы

(С-О-4 санаты, 1 бірлік)

                                                                               

С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттертердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

 

Еңбек ақысының көлемі мен шарттары:

 

Санаты

Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

126 357

170 599

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлім жұмысын ұйымдастырады, бөлім туралы ереже дайындайды. Бөлімдегі атқарушылық тәртіпке бақылауды жүзеге асырады және бөлім қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртібін сақталуын тексереді. Басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды  ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды, бөлімнің мамандарын олардың біліктіліктеріне және артылған міндеттеріне сәйкес қабылдауға басшылықтың қарауына ұсыныс енгізеді. Алдағы үшжылдық кезеңге бюджеттік сұранысқа есептер және дәлелдер дайындауды жүзеге асырады. Қаржыны оларды мақсаттық нысандарына сәйкес және міндеттерді қабылдауға берілген рұқсатқа сәйкес дұрыс және тиімді жұмсауға бақылауды, сонымен қатар ақшалай қаржыны және материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге бақылауды жүзеге асырады, басқарманың қызметкерлерін кәсіби оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс және уақытылы рәсімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Басшылықтың қарауына бөлім қызметкерлерін сыйақылау және материалдық сыйақы беру бойынша, сонымен қатар оларға тәртіптік және басқа да жазалар қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Барлық бухгалтерлік есептер бойынша мемориалдық ордерлер және қорғаныс ведомостволарын дұрыс толтыруға тексеріс жүргізеді. «Журнал-басты» кітабын толтырады.  Тоқсандық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептер толтырады. Бөлімге жүктелген тапсырмаларды және қызметтік функияларды орындауға жеке жауапкершілікке ие.

  

Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).

 

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.

  

       Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырады:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Көрсетілген мекен-жай бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу жайлы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні).

       Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
          Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
      *Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 № 289 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
      *Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 № 289 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
       Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
       Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

 

      __________________________
                                         (мемлекеттік орган)

                       

                             Өтініш

          

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________  __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

      _________________________________________________________________

 

 

      ________                                     ____________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                                                                             "___"_______________ 20 __ ж.