Түркістан облысының прокуратурасы ішкі конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Түркістан облысының прокуратурасы, 161200, Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі, 44 Б, электронды адресі 7252384@prokuror.kz,

осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бойынша ішкі конкурс жариялайды:   

 

Түркістан облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру басқармасының басшысы

(C-О-3 санаты, 1 бірлік)

 

С-О-3 санаты үшін: жоғары білім.

Мынадай құзыреттертердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Еңбек ақысының көлемі мен шарттары:

 

Санаты

Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123 171

166 529

 

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Басқармаға жалпы басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлай отырып облыс прокуратурасы аппаратының бөлімшелерімен бірге үйлестіреді, міндеттерді, тапсырыстарды, түсетін материалдарды басқарма қызметкерлеріне бөліп береді, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікке ие болады;  Аудандық, қалалық және мамандандырылған прокуратуралардың материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды дайындап, енгізеді; Аудандық, қалалық және мамандандырылған прокуратуралардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бақылауға алады; Көліктердің, байланыс құралдардың, шаруашылық қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура ғимараттарының құрылыстарын, жөндеуін, техникалық жабдықтауын ұйымдастырады; Прокуратура қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік, басқа да органдармен бірлесіп әрекет етеді, заңмен бекітілген тәртіп бойынша мәліметтерді сұратады; Басқарма мамандарына нақты сұрақтар бойынша тапсырмаларды бөліп береді; Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тізімінде тұрған ғимараттардың күрделі және ағымдағы жөндеудің орындалуына бақылау жүргізеді; Ғимараттардың күрделі және ағымдағы жөндеуге ақаулы тізімдемелерін дайындайды; Сатып алынған тауарларды аудандық, қалалық және мамандандырылған прокуратуралардың сұранымдарына сәйкес бөліп береді; Шаруашылық меңгерушісінің, техникалық қызметкерлердің жұмысына бақылау жасайды; Жоспарланған іс-шаралардың, аппараттық, жедел кеңестердің, алқа шешімдерін ұйымдастырып, орындалуын жеке бақылауға алады, прокуратура басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімдерде сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Ақпараттандыру және компьютерлеу саласындағы жұмысты үйлестіреді, есептеу техникасын қолданып, прокуратура органдардарында ақпараттық қауіпсіздігін, мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етеді; Өзіне бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізеді; Сатып алу рәсімінің өткізуін үйлестіреді; Тауаларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында Қазақстан Республикасының Заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді атқарады; Облыс прокуратурасы органдарының ғимараттарында мемлекеттік стандарттарға сәйкес мемлекеттік рәміздерді қолдануға бақылау жасайды.

 

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімі: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандығы бойынша.

 Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.

  

       Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырады:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Көрсетілген мекен-жай бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу жайлы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні).

       Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
          Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
      *Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 № 289 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
      *Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 № 289 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
       Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
       Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

 

      __________________________
                                         (мемлекеттік орган)

                       

                             Өтініш

          

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________  __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

      _________________________________________________________________

 

 

      ________                                     ____________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                                                                             "___"_______________ 20 __ ж.