Түркістан облысы прокуратурасында жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау тәртібі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокурорының жеке қабылдау тәртібі БП 24.08.2017ж. №87 «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен реттеледі.

Облыс прокурорына және олардың орынбасарларына қабылдау алдын ала жазылу арқылы, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазуды "egov.kz" порталынан түскен электронды арыздар, қағаз форматта берілген өтініштер негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкер күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізеді.

         Мәселенің мән-жайы көрсетілмеген жеке қабылдау туралы өтініші оны берген адамға қараусыз қайтарылады.

Облыс прокурорына және олардың орынбасарларына қабылдау үшін алдын ала жазылу, олардың құзыретіне тікелей кіретін мәселелер бойынша жүзеге асырылады.

Облыс және олардың орынбасарларының қабылдауына:

1) өтініш берушілерді қабылдауды жүзеге асыруды Бас прокуратура тапсырған жағдайларды қоспағанда, сол мәселе бойынша облыс прокурорымен бұрын қабылданған тұлғаларға;

2) соттың өндірісіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабының бірінші бөлігіне сәйкес арыздардың қаралуы соттың құзыретіне кіретін жағдайда, сондай-ақ сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша;

4) сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 54-бабының екінші бөлігімен көзделмеген істер бойынша сот актілерін даулаған жағдайда;

6) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 429-бабының жетінші бөлігімен, 434-бабының екінші бөлігімен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабының екінші бөлігімен көзделген істер бойынша кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне шағымданғанда жазу жүргізілмейді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін облыс прокуроры және олардың орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазуды, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыруды осы міндет жүктелген жауапты қызметкерлермен өтініш беруші ұсынған құжаттар мен онымен хат алмасу материалдарын зерделегеннен кейін жүзеге асырады.

Алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдаудың басталуына дейін бір күн бұрын аяқталады.

 

Түркістан облысы прокуратурасында азаматтарды жеке қабылдау кестесі

 

Лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

Қабылдаушының лауазымы

Қабылдау күндері

Уақыты

1.

Әбдіров Нурғалым Мажитұлы

Облыс прокуроры

сейсенбі

сағат 10.00 бастап

2.

Пашаев Артықбек Ашықұлы

Облыс прокурорының бірінші орынбасары

сәрсенбі

сағат 10.00 бастап

3.

Бөлегенов Ержан Ерғалиұлы

Облыс прокурорының орынбасары

бейсенбі

сағат 10.00 бастап

4.

Битинбаев Асқат Бейсенбекұлы

Облыс прокурорының орынбасары

жұма

сағат 10.00 бастап

 

Облыс прокуроры және олардың орынбасарларына алдын ала жазуды облыс прокуратурасының жауапты қызметкері А.Исмолдаевамен жүргізіледі, Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі №44Б үй, тел. 4-10-11.

 

 

Түркістан облысының прокуратурасы