Алғыс хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қазіргі таңда елімізде қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау жөніндегі шараларды жүзеге асыру ерекше мәңге ие болып отыр. Бұл орайда, аудан заң орындарының тікелей араласуымен бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

         Солардың бірі-кезінде Сіздің бастамаңызбен қолға алынған, халық көп шоғырланған аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы көшелерге бейне камераларын орнату жөніндегі жұмыстар болатын. Өз кезегінде осынау қажетті шара деп кезінде қолға алынып, аудандық бюджеттен 43 млн 64 мың теңге қаржы бөлініп, Шолаққорған ауылындағы халық көп қоныстанған орталық көшелерге 23 жерге бейне бақылау камералары орнатылып, жедел басқару орталығы іске қосылды.

         Мұның өзі ең алдымен аудан орталығындағы көшелерде қоғамдық тәртіптің сақталуын бір орталықтан қатаң бақылап отыруға мүмкіндік беріп отыр. Сол сияқты автокөлік қозғалыстарын ретке келтіріп, жол көлік оқиғаларын болдырмауға да зор септігін тигізуде.

         Аудандық маслихат бұл шараны дер кезінде қолға алынған құптарлық іс болды деп есептей отырып, аудандық маслихат пен оның депутаттары тарапынан ризашылығымызды білдіреміз.

 

Созақ аудандық

маслихаттың хатшысы                                                     М.Исаев