Алғыс хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Түркістан қалалық прокуратурасына қалалық ІІБ-ның қызметкерлерімен ақылы автотұраққа қамауға қойылған меншігімдегі автокөлікті босату үшін автотұрақ қарауылы заңсыз ақша талап еткені туралы арыздандым.

Арызым қалалық прокуратурамен қаралап, маған толығымен заң талаптары түсіндіріліп, нәтижесімен жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру барысында кінәлі жүргізуші Б.Абдрасилов екені анықталуына байланысты менің автокөлігім автотұрақтан ақы төленбей  шығарылуы тиіс болғандықтан қала прокуратурасымен көлікті автотұрақтан шығару туралы  «Түркістан жарық тазалық» ЖШС-не ұсыныс келтіріліп, нәтижесімен автөкөлігім автотұрақтан ақысыз шығарылды.

Менің жазған арызым бойынша прокуратураның берген жауабына толығымен қанағаттанып, Түркістан қаласының прокуроры А.Пашаевқа, қала прокурорының орынбасары Б.Қарамановқа, қала прокурорының аға көмекшісі Е.Құлмағанбетке алғысымды білдіремін.

Қалалық прокуратура ұжымына адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңдылықты сақтауда, қадағалауда еселі еңбек етіп, жемісті жұмыс жасай берулеріне тілектестігімді білдіремін.

 

 

Құрметпен,

Түркістан қаласы О.Датқа көшесі №34 үй тұрғыны

жеке кәсіпкер С.А. Джунусов