ПРОКУРОРЛАРҒА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мен, «Дихан-Жер» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Т.Аринов, кооперативтің мүшесі болып табылатын  222 (екі жүз жиырма екі)  шаруа қожалықтың атынан аудан прокуратурасына «Мақтарал аудандық әкімиятының шешімін, келісім шарттың күшін жою, гос актінің және оның әділет органдарындағы тіркелуін жарамсыз деп тану туралы» ұжымдық өтініш арыз бердік.

Біздің өтінішіміздегі әр-бір уәждер Мақтарал аудандық прокуратурасының аға прокуроры М.Ералиевпен зерделеніп,  каналдың және оның астындағы жер учаскесі заңсыз табысталғандығы анықталды.

Аудан прокуроры Н.Асқанбеков тарапынан мемлекет және қоғам мүддесі үшін, ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  талап арыз берілді.

Аталған соттың 22.08.2017 жылғы №5165-17-00-2/3096 шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Жауапкер тарапынан апелляциялық шағым келтіріліп, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының  08.11.2017 жылғы №2а-3064/17 қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің негізгі бөліктері өзгеріссіз қалдырылды.

Яғни, заңсыз табысталған су жүйелері мен жер учаскелері ортақ пайдаланып отырған шаруаларға кері қайтарылды.

Прокурорлар жалпы пайдаланудағы су қорының жерлері жеке және заңды тұлғаларға берілмейтіндігін, мұндай жерлер мемлекет меншігінде болуы керектігін сотта дәлелдеп берді.  

Бүгінгі таңда шаруалар емін еркін ағын су алып, әкімшілік кедергілер жойылып, 222 дара кәсіпкердің құқықтары қорғалып отыр.

Ағын судың уақытылы және толық берілуі мол өнімнің негізгі кепілі екендігін ескеріп, сотқа талап арыз беріп, каналдарды мемлекет меншігіне кері қайтарған прокуратура қызметкерлеріне алғысымыз шексіз екенімізді жеткізгіміз келеді.  

Халықтың сенімін нығайтатын прокурорлардың жұмыстарына сәттілік тілейміз.

 

Құрметпен және алғыспен

222 шаруа қожалықтың атынан

«Дихан-Жер» АШӨК-нің төрағасы

Т.Аринов