Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Пашаев А.А.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 27.02.2019ж. бұйрығымен Пашаев Артықбек Ашықұлы Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Пашаев Артықбек 1971жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.

1988 жылдың шілде айынан бастап 1989 жылдың тамыз айына дейін Талас аудандық тұтынушылар одағының құрылыс тобында жұмысшы болып еңбек етті.

1989 жылдың қыркүйек айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін «Алматы тұрмыстық құрылыстың» СМУ-8 трестінде  2- разрядты бетоншы болып жұмыс істеді. 1990 жылдың мамыр айынан тамыз дейін Жамбыл облысының Талас аудандық тұтынушылар одағының құрылыс тобында жұмысшы болды.

 1995 жылдың тамыз айынан Жезқазған қалалық прокуратурасында аға тергеуші міндетін атқарушы қызметінен бастап өз мансапты еңбек жолын бастады, одан соң  Жезқазған облысы Жезқазған қалалық прокурорының көмекшісі, Шу аудандық прокурорының көмекшісі,  аға көмекшісі, Шу ауданаралық     прокурорының көмекшісі, Жамбыл облыстық прокуратурасының прокуроры қызметтерін атқарды.

2001 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін әуелі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында басқарма прокуроры, сонан соң сол жерде аға прокурор болып қызмет атқарды.

2005 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың шілде айына дейін Алматы облысы Райымбек ауданының прокуроры қызметін атқарды.

2010 жылдың шілде айынан 2015 жылдың ақпан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының прокуроры, ал 2015 жылдың ақпан айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының прокуроры қызметін атқарды.

2017 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалды.