Созақта Пробация үйі ашылды

09 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҰлт жоспары бағдарламасының 33-қадамын жүзеге асыру мақсатында Созақ ауданында Пробация үйінің ресми ашылуы өтті.

Орталықтың ашылуына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының«Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы да негіз болды.

Жоба аясында аудан әкімшілігі, прокуратура және ішкі істер органымен бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітілді, сондай-ақ әріптестік, өзара қарым-қатынасты дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Орталықтың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық, медициналық және заң тұрғысында көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, құжаттандыру, зейнетақы және жәрдемақыларды рәсімдеуге көмектесуболып табылады.

Сонымен қатар, аталған іс-шараларды орталықтандыру, қызмет атқару тәртібі мен реттілігін «бір терезе» қағидасы бойынша жеңілдету, облыстағы пробация қызметі есебінде тұрғандарды бақылау болып табылады.

Еліміздегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмектерді көрсету үшін тұрақты топ құрылды.

Бүгінде пробациялық есепте тұрған 6 адамға - психологиялық, 12 адамға - құқықтық, оның ішінде 8-іне жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінген квота бойынша жұмысқа орналасу үшін құжат дайындауға көмек көрсетілді.

Пробация үйі жоғарыда аталған адамдарға елеулі әлеуметтік көмек көрсетеді деп күтілуде.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу