Прокурорлардың араласуымен мемлекет мүддесі қорғалды

20 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлардың араласуымен мемлекет мүддесі қорғалды - 1784028228

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 29.04.2019 жылғы шешімімен «StarStroi» ЖШС-нің жауапкер «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне  негізсіз иеленіп алған сомасын қайтару туралы талап арызы қанағаттандырылып, «StarStroi» ЖШС-нің пайдасына 125 611 753  тенге  және мемлекеттік баж салығына  3 768 352  тенге өндірілген.

Бұндай шешім қабылдауға Серіктестіктің 125 611 753 теңгеге жұмыстар орындағандығы негіз болған.

Алайда, шартқа сәйкес Серіктестіктің аталған сомаға тапсырыс берушімен бекітіліп, орындалған жұмыстар актісінің ұсынылмағандығы және кәсіпкерлік тәуекелге барып, мемлекеттік сараптамадан өтпеген жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізгендігі бірінші сатылы соттың назарынан тыс қалған.

Прокурордың  апелляциялық өтінішхаты негізінде апелляциялық сатылы сотпен сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюшы «StarStroi» ЖШС-нің талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Нәтижесінде қадағалаушы орган 125 611 753  тенге көлеміндегі қаржыға мемлекеттің шығындалуына тосқауыл қойды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу