Прокурордың наразылық актісі қанағаттандырылды

14 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурордың наразылық актісі қанағаттандырылды - 1618410414

13 ақпан күні Түркістан облысының соты Отырар ауданы прокурорының күдіктілерге қатысты істі «күзетпен ұстау шарасын» қолдану туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Еске салсақ, ақпан айының 3-нен 4-не қараған түні Отырар ауданы Шәуілдір ауылында қарақшылық шабуылы орын алған болатын.

Сол күні Отырар ауданы ПБ ҚК 192-бабы (қарақшылық) мен 291-баптарымен (қаруды қорқытып алу) тергеп-тексеру басталған. Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа күдікті ретінде 4 азамат анықталып, тұтқынға алынды.

05 ақпан күні күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат құжаттармен бірге Отырар ауданының сотына жолданды.

06 ақпан күні аудан сотымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып, күдіктілер босатылды.  

Бұндай шешім шығаруға сот өтінішхат заңда көзделген мерзімде жолданбай ҚПК талаптары сақталмағанын негізге алған.

Алайда аудан прокуратурасы аталған сот қаулысын негізсіз деп тауып, ол жөнінде облыстық сотқа апелляциялық өтінішхат келтірді.

Түркістан облысы апелляциялық сот алқасының 13.02.2020 жылғы қаулысымен прокурордың өтінішхаты қанағаттандырылып, күдіктілер сот залында қамауға алынды.

 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу