Прокурорлар жер телімдерінің бөліну заңдылығын тексерді

25 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар жер телімдерінің  бөліну заңдылығын тексерді - 630746058

2018 жылғы 25 шілде, Түркістан қаласында облыс әкімінің қатысуыменжергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдары жер телімдерін беру, пайдалану және сегментациялау барысында жер заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері бойыншаоблыс прокуратурасының алқа отырысы өтті.

Алқаның жұмысында облыстың жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Мәжілісте әкімдіктердің жер қатынастары саласындағы жұмысының тиісті деңгейде атқарылмайтындығын, жер учаскелерін ұсыну кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгендігін прокуратура атап өтті.

Осылайша, рәсімделген жалған құжаттардың негізінде, Сайрам ауданында жер заңнамасы талаптарын сақтамай 50 га жер учаскесін 400 жеке тұрғын үй салуға арналған учаскелерге бөлшектеуге жол берілген.

Түркістан қаласында жерлерді аукциондар мен конкурстар арқылы ұсыну жөніндегі комиссияның жалған хаттамаларынегізінде алаңы 100 га құрайтын 130-дан астам учаскелер заңсыз рәсімделген.

Нәтижесінде мемлекетке 700 млн. теңгеден аса залал келтірілді.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген деректер бойынша тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Сонымен бірге, бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойыншашаралар қолға алынды.

Ағымдағы жылдың алты айында прокурорлармен қабылданған шаралар нәтижесінде 73 тұлға түрлі жауапкершілікке (тәртіптік, әкімшілік) тартылды, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд. Теңге 19 мыңнан астамгектар жер учаскелері қайтарылды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жер саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Прокурорлар жер телімдерінің  бөліну заңдылығын тексерді - 1785484462
Прокурорлар жер телімдерінің  бөліну заңдылығын тексерді - 164949036
Прокурорлар жер телімдерінің  бөліну заңдылығын тексерді - 1057754073
Прокурорлар жер телімдерінің  бөліну заңдылығын тексерді - 1200737292

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу