Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі

21 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 1755979464
     

        Шымкент қаласы, 2018 жылғы 21 маусым. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы өкілдерінің екі жақты жұмыс кездесуі өтті.

        Кездесуге Қазақстан тарапынан Бас прокурордың бірінші орынбасары Ғ.Д.Нұрдәулетов, Бас көлік прокуроры және Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары қатысты.

        Өзбекстандық делегациясын Өзбекстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Э.Т.Юлдашев бастап келді. Делегация құрамында Ташкент, Сырдария, Жизақ, Науаи облыстырының прокурорлары бар.

        Кездесу барысында заңсыз еңбекке тарту, қылмыстық қудалау шеңберіндегі халықаралық тапсырмаларды орындау, сотталған Өзбекстан Республикасы азаматтарын беру, сонымен қатар, шекарадағы өткізу-бақылау бекеттерінен автокөліктік айналым жасау мәселелері талқыланды.

        Жиын қатысушылары шекаралық қарым-қатынас, Қазақстан мен Өзбекстан прокуратураларының өзара әрекеттесуі, екіжақты келісімді одан әрі қарай жетілдіру ведомствоаралық ынтымақтастықтың нығайуына алып келетіндігін атап өтті.

Жиын соңында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы өкілдері заңсыз еңбекке тартудың алдын алу мен сотталғандарды беру және қылмыстық құқықтық саладағы халықаралық тапсырмаларды орындауға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

Оңтүстік Қазақстан облысы
прокуратурасының прокуратурасы

 

Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 515463835
Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 2118907457
Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 239331902
Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 2011063346
Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 1460985561
Шекаралық ынтымақтастық бойынша Қазақстан және Өзбекстан прокурорларының жұмыс кездесуі - 716054440

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу