Түркістан облысының прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

13 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 10 тамыз 2018 жылғы бұйрығы негізінде Түркістан облысы Келес ауданының прокуроры - Б.С.Сейфолла, Мақтаарал ауданының прокуроры - Ж.Ж.Ботабеков, Жетісай ауданының прокуроры - Н.Ш.Асқанбеков және Созақ  ауданының прокуроры болып А.Т.Досаев тағайындалды.

 

Бақыт Сабырханұлы Сейфолла - 27 желтоқсан 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында туылған, Мирас университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. 
Соңғы қызмет орыны – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары.

 

Жұмағали Жорабекұлы Ботабеков - 21 шілде 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туылған, Оңтүстік Қазақстан аймақтық  гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. 
Соңғы қызмет орыны – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі.

 

Асқанбеков Нұрғали Шекербекұлы - 07 қыркүйек 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, Қазақ мемлекеттік Заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. 
Соңғы қызмет орыны – Мақтаарал ауданының прокуроры.

 

Айтболат Тайырханұлы Досаев - 22 шілде 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. 
Соңғы қызмет орыны – Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу