Облыс прокуроры Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесті

15 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры Сайрам ауданының  тұрғындарымен кездесті - 787539052

Облыс прокуроры Сайрам ауданы прокуратурасында жеке қабылдау жүргізді. Ауыл тұрғындары жер телімдерінің заңсыз бөліну және лауазымды тұлғалардың сотқа дейінгі қылмыстық қудалау саласындағы әрекетсіздігі мен атқарушылық іс-жүргізу мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, облыс прокуроры Сайрам ауданының 50 мың халық тұратын ең ірі ауылы - Қарабұлақ тұрғындарымен кездесті. Кездесуге 100-ге жуық тұрғын қатысты.

Кездесу барысында облыс прокурорымен «Қауіпсіз аудан» жобасы аясында атқарылып жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі насихатталды. Өз кезегінде, тұрғындар, тұрмыстық қоқыс қалдықтарының мектеп жанында орналасу жағдайы, сондай-ақ, ауыл ішінде орналасқан мал базарының санитарлық нормаларға сай еместігі жөніндегі мәселелерді көтерілді.

Қарабұлақ ауыл тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау соңында аудан прокурорына және жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жиында көтерілген мәселелермен сұрақтарды шешуге бағытталған ұсыныстармен нақты тапсырмалар берілді.

Облыс прокурорының өңірдің қала, аудан орталықтарымен елді мекендерде азаматтармен кездесу және оларды жеке қабылдау тұрақты жүргізіліп, жеке қабылдау кестелері БАҚ беттерінде жариялануда.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының
прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу