Оңай олжа таппақ болғандар халық алдында жауапқа тартылды!

20 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық сотында мал ұрлығын кәсіпке айналдырған 2 азамат қоғамнан оқшауланды.

Бұл жәйт келесі жағдайда өрбіген, Сарыағаш ауданының тұрғыны 1992 жылы туылған бұған дейінде мал ұрлығын жасағаны үшін шартты түрінде сотты болып, құзырлы органның бақылауында жүрген азамат Заңға қайшы болсада ескі кәсіпті қолға алып, қайта қылмыс жасауға бел буған.

Өзінің қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізу үшін екі қолы жеткіліксіз екендігін бірден аңғарып, алдыңғы қылмысы бойынша сыбайласы 1982 жылы туылған Қазығұрт ауданының тумасына қоңырау шалып, өзі келеңсіз оқиғаға душар болғанын айта шұғыл қаражатқа мұқтаж екендігін түсіндіріп ұрлық жасауды ұсынған. Соңғы өзінен 10 жас кіші сыбайласының уәжіне келісіп, асырауында кәмелет жасына толмаған 5 перзентін және өтеліп бітпеген жазасы үшін құзырлы органның бақылауында жүргенін ойдан шығарып, қылмыс жасауға бел буған.

Осылайша ескі сыбайластар ескі кәсібін қолға алып, 3 жәбірленушіге тиеселі 2 ірі қараны және 8 бас ұсақты оңай олжа еткен.

Дегенімен олардың бұл қылмыстары құқық қорғау органдарымен әшкереленіп, оларға қатысты қылмыстық іс негізінен қарау үшін аудандық сотқа жолданған.

Аудан прокуратурасымен ұрлықтың алдын алуға бағытталған сауықтыру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында сотқа жоғарыдағы қылмыстық істі көшпелі сот тәртібімен  қарау жөнінде ұсыныс жасалып, сотпен қолданды.

Ал осы істі ауданның қай ауыл окгругінде қарау жөнінде сұрақ туындаған жоқ, оның себебі аудан прокуратурасымен аудан аумағындағы мал ұрлығына тыңғылықты талдау жүргізіліп, жиі орын алатын орындары айқындалып қылмыстық картасы жасалып қойылған, осылайша сот толық құрамда Сарыағаш ауданы, Жылға ауылына көшті.

Көшпелі сотқа жиналған халықтың алдында сыбайластар ұялды ма немесе намыстанды ма белгісіз, бірақ қойылған сұрақтарға бас көтермей жауап беруге тырысты.

Жиналған ауыл тұрғындарының бірі қылмыскерлермен қолданылған тәсілге таңғалса екіншілері олардың жас ерекшіліктеріне және отбасылық жағдайларына мән беріп, сотпен оларға жазаның жеңіл түрі қолдануын қалайтындарын жасырмады.

Үкім қабылдау үйінен шыққан сот, оларға бұған дейнгі қылмысы үшін шартты жаза тағайындалғанын, өздері үшін оңды нәтиже шығармай, қайта қылмыс жасап отырғанын ескеріп, құқық бұзушыларға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сарыағаш ауданы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу