Түркістан облысының прокуроры Алиханов Марат Тілеуқабылұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысының прокуроры Алиханов Марат Тілеуқабылұлы

Марат Тілеуқабылұлы 1965 жылы бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Құқықтану факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы қыркүйек айында Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші болудан бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарып, соңынан ҚР Бас прокуратурасының Басқарма басшысы болды.

2012 жылдың қазан айында Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

2014 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Прокуратура органдарында 24 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету қызметінде қол жеткізген табыстары мен ерен еңбегі үшін мемлекет Басшысының бұйрығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен мерейтойлық медальдерімен марапатталған.