«Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбәр азаматтың азаматтық міндеті!»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті жоюдың бастамасы мен жетістіктерін жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін заңсыз әрекет. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былады.

«Сыбайлас   жемқорлық» дегеніміз  латын сөзінен аударғанда «corruptio» яғни «параға сатып алу», «пара» ретінде деген мағынаны береді.

Қа­зақстан Рес­публикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы қабылданған Заңының басты мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Арестотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», -  деген екен ежелгі ойшыл ғалым.

Сыбайлас жемқорлық –жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы сыбайлас жемқорлық  деп  ұғынылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асыру болып табылады.

Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы айтылады. Аталған мақсатқа жету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы аталған Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері және басқа да қызметтерді тарта отырып, заңда көрсетілген тәртіптік шараларды қолдануды.

Сондай-ақ, белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кірістер, кеден және шекара қызметтері,әскери полиция органдарына хабарлауды қамтамасыз ету қажет.

Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту –әрбір азаматтың азаматтық борышы болып табылады.

Прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына және жұмыстың сапалы орындалуына үнемі тексерулер жүргізіп қадағалап отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуді әрқашан бақылап отырады.

Сондықтан, басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиісті атқарушы және мемлекеттік органдарының лауазымды иелерінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоя отырып, прокуратура органдары басқа да құқық қорғау бағытындағы міндетін күшейткен үстіне күшейте бермек, яғни Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету - прокуратура органдары қызметкерлерінің басты міндеті болып қала беретіні анық.

Мақтарал ауданы прокуратурасының прокуроры

2-ші сыныпты заңгер                                                                                                     Ж.Сарсенбай