Түркістан облысының прокуратурасымен әкімшілік айыппұлдарды өндіруге қадағалауды күшейту жоспарланды

11 января 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әкімшілік өндіріп алу институты жазалау мен оның алдын алудың маңызды механизмі болып табылады.

Түркістан облысының прокуратурасы жүргізген талдауы 2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы әкімшілік айыппұлдың өндірілу деңгейі  3%-ға төмендегенін көрсетті.

Бұл сот орындаушыларының мәжбүрлеп өндіру шараларын уақтылы әрі пәрменді жүргізбейтінін көрсетеді.

Аталған кемшілікті жою мақсатында өткен жылы облыс прокуратурасы уәкілетті органдарды үйлестіру арқылы айыппұлды қасақана төлемеушілерді, олардың лицензиялары, жүргізу куәліктері мен мүліктерін анықтауға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырды.

Одан бөлек, әкімшілік айыппұлды өрескел төлемеген  автокөлік иелерін (жүргізушілерді) анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, әрбір пәтер мен үйлерді аралау арқылы өтелмеген айыппұлды төлеу қажеттігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесінде әкімшілік айыппұл өтемегендерден мемлекет кірісіне 71 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді.

2018 жылы тұтас алғанда облыстық прокуратура органдарымен аталған бағыт бойынша 10 тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты 31 наразылық, 71 ұсыныс енгізіліп, тәртіптік жауапкершілікке 39 қызметкер, әкімшілік жазаға – 6 тұлға тартылып, 153 млн.тенге көлемінде 7 мыңнан астам құжат прокурорлық шаралармен орындалды.

Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табады.

 

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Комментарии

Добавить комментарий